Алматыдан 240 шақырым жерде жел сілкінді
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 3,8 балдық күшпен жер сілкінді, деп хабарлайды Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығы.
Жерасты дүмпулерінің кіндігі Кегеннен (Қазақстан) 81 шақырым жерде, Қаракөлден (Қырғызстан) 91 шақырым, Ақсудан (Қазақстан) 144 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 238 шақырымда, мың метр тереңдікте болды.
Қираулар мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Алматыда жер сілкінісі қандай балдық күшпен болғаны әзірге белгісіз.