Алматыдан 242 шақырым қашықтықта 4.8 магнитудалық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станса желісіне 1 ақпан күні 12 сағат 20 минут 52 секундта жер сілкінісі тіркелді. 

Алматыдан 242 шақырым қашықтықта 4.8 магнитудалық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 242 шақырымда орналасқан. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.4. MPV магнитудасы  4.8. Эпицентрдің бағыты 42.20° с.е. 79.53° ш.б. Тереңдігі 15 шақырымды құрайды. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 өлшемі бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.