Алматыдан 257 шақырым қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 13 тамызында 13 сағат 21 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 257 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.2. MPV тербелісі – 3.7. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.