Алматыдан 265 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 сәуір күні алматы уақыты бойынша 00 сағат 56 минут 20 секундта (Гринвич бойынша 10 сәуір 2013 жыл 18 сағат 56 минут 20 секунд) «ҚР БҒМ Ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Алматыдан 265 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Оның ошағы Алматы қаласының оңтүстігінде 265 шақырымда, Қырғызстан мен Қытай шекараларында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық тобы - 9.8. Магнитудасы - MPV 4.5. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.