Алматыдан 282 шақырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан 282 км жерде, Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды.
«2015 жылы 10 қазанда Алматы уақытымен сағат 10:09:41 сек жер дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде орналасқан. Жер дүмпуінің энергетикалық класы 9.1. Магнитудасы MPV 4.1. Тереңдігі 20 км. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалары желісінің хабарламасында.