Алматыдан 330 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансыларының желісі 2016 жылғы 22 қыркүйекте таңертеңгі 06 сағат 43 минут 26 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым жерде орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.6. Магнитудасы - MPV 4.0. Ошақ координаттары - 40.80° с.ш. 79.24° в.д. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.