Алматыдан 362 км қашықтықта жер сілкінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 тамыз күні Алматы уақытымен 23 сағат 14 минут 51 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 362 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,9. MPV магнитудасы – 5,3. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.
Еске салайық, кеше 11 тамыз күні сағат 19.15-те Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 224 шақырым жерде Қазақстан аумағында жер сілкінген болатын.