Алматыдан 367 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні 19 сағат 14 мин 12 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 367 км қашықтықта жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 367 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,6. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ақпаратында.

Еске салайық, бүгін Алматы облысының Талдықорған және Текелі қалаларының тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінген болатын.