Алматыдан 370 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 370 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Алматыдан 370 км қашықтықта жер сілкінді

«7 қазан күні Алматы уақытымен 19 сағат 39 минутта жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.2. MPV магнитудасы – 4»,- делінген хабарламада.