Алматыдан 386 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 14 мамыр күні Алматы уақытымен 17 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді. 

Алматыдан 386 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8.5. MPV магнитудасы -  3.5. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», - делінген таратылған хабарламада.