Алматыдан 390 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 390 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді.

Алматыдан 390 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«25 желтоқсанда Алматы уақытымен 01 сағат 52 минут 46 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 390 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2, MPV тербелісі - 5. Координаттары - 39.79° с.е. 75.79° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер - жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісінің хабарламасында.