Алматыдан 392 км қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 3 ақпанда Алматы уақытымен 21 сағат 46 минут 31 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала Алматы қаласынан солтүстік-шығыста 392 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3. MPV магнитудасы - 5.0. Тереңдігі - 10 шақырым.
Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет жоқ.