Алматыдан 409 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 409 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінді.
«2016 жылғы 21 тамызда 02 сағ. 34 мин. 59 сек. жерсілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан 409 шм оңтүстік-батыста орналасқан. Энергетикалық сыныбы 9.8. Магнитуда MPV 4.2. Тереңдігі 5 шм. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 меже бойынша) жоқ»,-деп хабарланды «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінде.