Алматыдан 442 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 442 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінді.
None
None

«2016 жылдың 1 қаңтарында Алматы уақыты бойынша сағат 09:26-да (2016 жылдың 1 қаңтары, Гринвич бойынша сағат 03:26) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 11.0. MPV тербелісі 5.0. Жер сілкінісінің координаттары - 40.78° солтүстік ендік пен 72.66° шығыс бойлық. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер сілкінісін сезіну туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар