06:40, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматыдан 448 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 448 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы -10.06. Тереңдігі 10 км. Жер сілкінісі сезілген жоқ», делінген "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ-ның сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.