Алматыдан 457 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 19 сағат 10 минут 58 секундта (Гринвич бойынша 11 ақпанда 13 сағат 10 минут 58 секундта) «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 457 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 457 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.6, MPV тербелісі 5.6. Ошағының координаттары 43.52°с.е. 82.53° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым.

Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) ақпарат жоқ.