Алматыдан 495 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісі 28 қаңтар күні 19 сағат 2 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарланды кәсіпорынның ресми сайтында.

Алматыдан 495 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10,2. MPV магнитудасы 4,6. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.