Алматыдан 495 шақырым жерде 4,9 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде, Қытай аумағында магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды.

Алматыдан 495 шақырым жерде 4,9 балдық жер сілкінісі болды

2016 жылдың 7 наурызында Алматы уақытымен сағат 09:57-де (Гринвич бойынша 2016 жылдың 7 наурызы, сағат 03:57) жер сілкінісі тіркелген. Зілзала ошағы Алматы қаласынан 495 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,5. MPV магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 30 шақырым. Байқалуы туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің Сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.