Алматыдан 498 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СӘТЭ» ММ сейсмологиялық станса жүйесі 26 ақпанда алматы уақыты бойынша сағат 21.46-да жер сілкінгенін тіркеді.

Алматыдан 498 шақырым жерде жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 498 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. Магнитудасы - MPV 4.5. 15 шақырым тереңдікте.