Алматыдан 546 км қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 12 қазан күні 18 сағат 07 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 546 км қашықтықта жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 546 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.