Алматыдан 581 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 наурызда Алматы уақыты бойынша 17 сағат 52 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 581 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 9,5. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) ақпараттар жоқ.


Соңғы жаңалықтар