Алматыдан 619 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансылар желісі 2017 жылдың 15 ақпанында 13 сағат 50 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 619 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Оның энергетикалық санаты - 11.0. Магнитудасы - 4.7 MPV. Тереңдігі 30 шақырымды құрайды. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.