Алматыдан 629 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары 24 қазанда Алматы уақытымен 04 сағат 32 минут 20 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 629 шақырым  қашықтықта жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 629 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 10,0. Тербелісі - 4,5, тереңдігі - 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.