Алматыдан 644 шақырым жерде тербелісі 4,7 балдық жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Алматы уақытымен 01 сағат 19 минут 34 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Алматыдан 644 шақырым жерде тербелісі 4,7 балдық жер сілкінді

«Жел сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 644 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,8, магнитудасы - 4,7. Зілзала ошағының координаттары 41.32° солтүстік ендікте, 84.28° шығыс бойлықта. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгендігі туралы мәлімет болған жоқ», - делінген хабарламада.