Алматыдан 675 шақырым қашықтықта тербелісі 4,6 жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай тербелісі 4,6 баллдық жер сілкінісі болды.

Алматыдан 675 шақырым қашықтықта тербелісі 4,6 жер сілкінді

«18 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 05 сағат 58 минут 00 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 675 шақырым жерде Тәжікстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.8, MPV тербелісі 4,6. Ошағының координаттары 38.92° с.е. 71.21° ш.б. Тереңдігі - 30 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансалары желісінің хабарламасында.