Алматыдан 774 шақырым қашықтықта 4.4 магнитудалы жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 10 сәуір күні 12 сағат 5 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 774 км қашықтықта, Тәжікстан аумағында болды. Энергетикалық санаты - 9.9. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.