Алматыдан 813 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 813 шақырым қашықтықта тербелісі 5,9 жер сілкінді, деп хабарлады ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ

Алматыдан 813 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі 25 сәуірде Алматы уақыты бойынша 03 сғат 43 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 813 шақырым жерде Тәжікстан мен Ауғанстанның шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. MPV тербелісі 5.9. Жер сілкінісі ошағының координаттары 37.14° с.е. 71.55° ш.б. Тереңдігі - 90 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы мәліметтер жоқ.