Алматыдан 977 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 977 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан  977  шақырым қашықтықта жер сілкінді

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 22 желтоқсанда Алматы уақытымен 7 сағат 1 минут 41 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан 977 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0. MPV магнитудасы - 4.8. Тереңдігі - 60 шақырым. Дүмпу Алматы қаласында сезілмеді.