Алматыдан 980 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 2 сәуірінде Алматы уақытымен 8 сағат 48 минут 17 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 980 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10.5. Магнитудасы MPV 5.0. Тереңдігі - 45 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша дүмпудің сезілуі туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.