Алматыдан бір түнде 3500 шаршы метрден астам қар шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен түнде қаладан 3587 шаршы метр қар шығарылды. Ол үшін қосымша 129 дана жүк көліктері тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша, қардың қалыңдығы 30 см-ді, қалалық жерлерде 50 см-ді құрады. «Қардың шектен тыс көп түсуіне байланысты желтоқсанның 23-і мен 24-і аралығында қаланы қардан тазарту және құм төсеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 7886 тонна мұз ерітетін материалдар қолданылды»,-деп хабарлады басқарма өкілдері.

Бұл бағыттағы жұмыстарға 516 дана техника қолданылды, олардың 127-і құм төсеушілер. Жолда жұмыс істеушілердің саны 1600-ден асып кетті.

«Қазірі таңда баста назар жол жиектері мен аялдамаларды, жол бойындағы көлік тұратын орындарды тазалауға арналып отыр. Қаладағы аудандардың әкімдіктерінде тәулік бойына тазалық пен қар шығару жұмыстарын қадағалайтын кезекшіліктер қойылған»,-делінген ведомство мәліметтерінде.

Соңғы жаңалықтар