Алматыдан «Бүкіләлемдік үйлесімділік жүгірісі» эстафетасы өтеді

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілденің 4-і күні Алматыда Алматы-Бішкек тас жолы бойындағы қала шекарасынан бастап, Райымбек даңғылы - Саин көшесі - Абай даңғылы - Наурызбай батыр көшесі - Сәтбаев көшесінен Республика алаңына дейін «Бүкіләлемдік үйлесімділік жүгірісі» эстафетасы өтеді.
None
None

Аталған алау эстафетасы биылғы жылғы сәуірдің 24-і күні Жапонияның Хиросима қаласынан басталған болатын. Қыркүйектің 27-і күні Мәскеуге жетіп, аяқталады. Бұл күні эстафетаның еуропалық қатысушылары да Мәскеуге келеді. Еуропалық алау эстафетасы ақпанның 26-сы күні Ирландия астанасы Дублинде басталған болатын. Эстафетаның азиялық бөлігінің ұзындығы 23 мың шақырым.

Халықаралық «Бүкіләлемдік үйлесімділік жүгірісі» эстафетасын 1978 жылы белгілі гуманист, филиософ Шри Чинмое ұйымдастырған болатын.

Соңғы жаңалықтар