Алматыдан ел бюджетіне 929 млрд теңге салық түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 929 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің брифингте келтірген көрсеткішін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 53 %-ға немесе 322 млрд теңгеге артық екені байқалады. Мұның ішінде, республикалық бюджетке 675 млрд теңге түскен. Бұл 2021 жылға қарағанда 237 млрд теңгеге көп, яғни өсу қарқыны - 54 пайыз. Жергілікті бюджетке 254 млрд теңге түсті.

«Бүгінгі күнге қол жеткен қарқынды біз сақтауға міндеттіміз. Бұл жағдайда жыл соңында Алматы қаласының мемлекеттік бюджетіне түсімі алғаш рет 3 триллион теңгеден асатын болады, бұл - біз үшін маңызды оқиға», - деді Қанат Баеділов.

Айта кетейік, республиканың мемлекеттік бюджетіндегі Алматының үлесі зор.

«Біздің қаламыздың республикалық бюджетке түсім бойынша «донор» екені баршаға аян. Мысалы, былтыр Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке шамамен 190 млрд теңге алынды»,- дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар