Алматыдан қайырымдылық керуені су тасқынынан зардап шеккен аймаққа бет алды

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы облысы, Ақсу ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге Алматы қаласындағы төрт сауда орнында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында 5 күн бойы өткен акциядан 4,5 мың әр түрлі қажетті заттар, жылы киімдер жиналды.

Алматыдан қайырымдылық керуені  су тасқынынан зардап шеккен аймаққа бет алды

Бұл туралы бүгін акцияны ұйымдастырушылар хабарлады.

Олардың айтуынша, көмек тасқын туралы ақпаратты алған уақыттан бастап ұйымдастырылған. Бес күннің ішінде сауда орталықтары мен арнайы бөлінген орындарда еріктілер тұрып, көмек көрсетем деушілерден барлық заттарды қабылдады. Бүгін, арнайы жүк көліктері шатырлы қалашыққа заттарды жеткізу үшін бет алып кетті.

Бұдан бөлек, акция аясында «Medicus Centre» компаниясы қажетті дәрі-дәрмектерді ұсынған. Сондай-ақ, аталмыш компания ұжымы мен «Interfood» компаниясы киім-кешек, ыдыс-аяқ түрінде қосымша көмек жинап, гуманитарлық көмектің негізгі жүгіне тапсырған.