Алматыдан Қостанайға ұшпақ болған ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан FlyArystan әуе компаниясының борты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдан Қостанайға ұшпақ болған ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

Әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның себеп-салдарын анықтады.

«FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Қостанай бағытындағы КС7141 әуе рейсінде ақау бар екендігі жөніндегі хабар түскен. Техникалық регламент талаптары бойынша, ұшаққа ұшуды жалғастыруа беруге болатын еді. Алайда, әуе компаниясы ұшақты Алматы әуежайына қайтару қажет деген шешім қабылдады. Өйткені Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызмет жоқ. Қазіргі таңда ұшақ одан әрі пайдалануға жіберілді. Экипаж мүшелері жұмыс уақытының аяқталуына байланысты ауыстырылды»,-делінген әуе компаниясының мәліметінде.


Еламан Тұрысбеков