Алматыдан Мақтааралға гуманитарлық көмек жіберілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Түркістан облысы Мақтарал ауданында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде бірқатар шаралар қабылданып жатыр.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен және Nur Otan партиясының қалалық филиалының ұйымдастыруымен гуманитарлық көмек жиналды. Бұл бастамаға партия мүшелері мен қатар қарапайым қала тұрғындары да атсалысты.

Бүгін Алматыдан Түркістан облысы Мақтарал ауданына 70 тонна гуманитарлық жүк тиеген көліктер жөнелтілді. Азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар тағыда басқа қажетті дүниелер бар.


Соңғы жаңалықтар