Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 509 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 30 маусым күні алматы уақытымен 03 сағат 45 минут 26 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 509 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.0. Магнитудасы MPV 4.8», - делінген хабарламада.