09:53, 10 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыдан оңтүстікке қарай 340 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2013 жылғы 10 наурызда алматы уақытымен 07 сағат 44 минут 04 секундта (Гринвич бойынша 2013 жылғы 10 наурызда 01 сағат 44 минут 04 секунд) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 340 шақырым жерде Қытай аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. MPV тербелісі 3.9. Зілзала ошағының координаттары солтүстік ендікте 40.15°, шығыс бойлықта 77.20°. Тереңдігі 5 шақырым.
Бұдан бұрын, 9 наурызда алматы уақытымен 17 сағат 19 минут 28 секундта (Гринвич бойынша 2013 жылғы 9 наурызда 11 сағат 19 минут 28 секундта) Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 235 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.1. MPV тербелісі 4.3. Зілзала ошағының координаттары солтүстік ендікте 42.56°, шығыс бойлықта 79.40°. Тереңдігі 20 шақырым.