Алматыдан солтүстік-батысқа қарай жер сілкінісі болды
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдан солтүстік-батысқа қарай жер сілкінісі тіркелді, деп хабарланды Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайтынан.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2013 жылғы 15 маусымда 05 сағат 59 минут 49 секундта (Гринвич бойынша 12013 жылғы 14 маусым 23 сағ 59 мин 49 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 345 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0.
MPV магнитудасы 4.0.
Жер сілкінісі ошағының координаттары 46.05° с.е. 75.18° ш.б.
Тереңдігі 5 км.
Сезілу мәліметтері (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.