Алматыдан Түркістанға жаңа пойыз қатынайды
«Түркістн облысының көліктік қолжетімділігін арттыру және Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі бағытында жолаушылар тасымалын жетілдіру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қаңтардан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында жаңа бағдарды іске қосады», - делінген компания ақпаратында.
71/72 нөмірі «Алматы 2-Түркістан» пойызы 23 вагоннан жасақталған, оның 19-ы «Турист» санатында және 1 вагон бар, 1 вагон мейрамхана және 2 техникалық вагон бар.
Алматыдан шыққан пойыз Түркістан қаласында 13 сағат 23 минутта жетеді. Кері бағыттағы жолға кететін уақыт 13 сағат 06 минут. Жолда пойыз Шу, Тараз, Шымкент және Арыс-2 стансаларына тоқтайды.
Пойыз кестесі жолаушыларға ыңғайлы жасалған. Алматыдан пойыз жұп күндері сағат 21-59-да шығып, Түркістанға тақ күндері сағат 11-05-те жетеді. Ал кері бағытта пойыз Түркістаннан тақ күндері сағат 16-51-де жөнелтіліп, Алматыға жұп күндері сағат 06-23-те келеді.