Алматыдан ұшатын жолаушының көптігіне байланысты әуежайға ерте жету ұсынылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан ұшатын жолаушының көптігіне байланысты әуежайға ерте жету ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Air Astana әуекомпаниясына сілтеме жасап.
«Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты Алматы әуежайында кептеліс жазғы маусымның соңына дейін жалғасуы ықтимал. Рейске тіркелу және ұшуға отырғызу кезінде кідірістерді болдырмау үшін жолаушылардың әуежайға алдын ала келуі абзал», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.