«Алматыэлектротранс» қоғамдық көліктерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы ірі тасымалдаушы компания «Алматыэлектротранс» ЖШС қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматыэлектротранс» ЖШС бес негізгі сұраққа жауап берді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
1. Неге кейбір автобустарда кондиционер істемейді немесе қосылмайды?
Оның бір себебі ретінде техниканың ақауынан байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, кондиционер жолаушылардың өтінішімен өшірілген де болуы мүмкін, себебі, кондиционер жолаушыларға кондиционерден жел соғып, суық болуы мүмкін. Бұл мәселе жүргізушіні ескерте отырып, жолаушылардың өзара мәмілесімен шешіледі.
2. Неге автобуста аялдамаларды хабарламайды?
Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Мысалы, көліктегі ақпараттандыру құрылғысы істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда салонда көрсетілген телефон нөміріне хабарласу керек. Кейін парктің техникалық қызметі ақауды жөндейді.
3. Неге автобустар қажетті аялдамадан тоқтамай өтіп кетеді?
Автобус маршрутында ол аялдаманың бар-жоғын анықтап алу керек. Егер ол аялдама бар болса, онда тасымалдаушыға тікелей хабарласу керек (егер телефон нөмірі болса) немесе Көлік холдингінің колл-орталығы: +7 727 397 01 91 нөміріне хабарласу қажет. Бұл ретте маршрут нөмірі мен автобус нөмірін, жүрген уақытын міндетті түрде хабарлау керек.
4. Автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзса қайда хабарласу керек?
Әр автобустың салонында тасымалдаушы компаниялардың телефон нөмірдері болады немесе әлеуметтік желіде Open Almaty парақшасында мәселе бойынша жазба қалдыруға болады. Сондай-ақ Көлік холдингінің колл-орталығы: +7 727 397 01 91 нөміріне хабарласу қажет. Бұл ретте маршрут нөмірі мен автобус нөмірін, жүрген уақытын міндетті түрде хабарлау керек. Жүргізушінің жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған сәттегі фото, видеосы болса тіпті жақсы.
5. Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартыла ма?
Олардың еңбекақысынан сыйақы мөлшерін ұстап қалу түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Кейбір жағдайларда жұмыстан шығарылады. «Сұрақтарға біздің компанияның қызмет көрсететін автобустарына қатысты жауаптар берілді», - делінген «Алматыэлектротранс» ЖШС хабарламасында.