«АлматыЭнергоСбыт» тұтынушыларға қызмет көрсететін тағы бір бөлімше ашты
АЛМАТЫ. Наурыздың 12-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының тұтынушыларына қызмет көрсететін №6 аудандық энергиямен жабдықтау бөлімшесінің тұсаукесер рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа АЭЖБ-6 Медеу ауданының 41 мыңнан астам тұтынушысына қызмет көрсетеді. Соның ішінде 2 мыңдайы - заңды тұлғалар, 39 мыңнан астамы - тұрмыстық абоненттер.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, жаңадан АЭЖБ ашылуы аталмыш ауданның электр қуатын тұтынушыларына қызмет көрсету мәдениетін арттыруға және жұмыстың сапасын жетілдіруге бағытталған. Мұнда көрсетілетін қызмет түрлері бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалған. «Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған бұл бөлімше мамандардың жоғары дәрежеде қызмет көрсетуіне септігін тигізеді. Біздің барлық операторларымыз арнайы дайындықтан өткен білікті жандар», дейді Бас директор.