«Алматыэнергосбыт» ЖШС электр қуаты төлемдерін жеңілдетеді

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қаласы мен облысының тұрғындары үшін жарық ақысының төлем түбіртегін толтыруға өзгеріс енді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Алматыэнергосбыт» ЖШС-нің бас директоры Михаил Гамбургер айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзгеріске сәйкес, 10 маусымнан бастап тұтынушы өзінің есепке алу аспабының нақты көрсеткіштеріне сәйкес, жұмсалған қуатты өзі есептеп және түбіртекке төленетін соманы өзі толтыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы бойынша, ал осы жылдың 5 қаңтарынан бастап Алматы облысында электр энергиясы бойынша саралаған тарифтер енгізілген болатын. Осыған орай төлем түбіртектері тұрғындардың үйлеріне жеткізіліп беретін болып өзгертілген еді. Түбіртек тек «Алматыэнергосбыт» ЖШС тарапынан толтырылатын. Бұл тұрғындар тарапынан наразылық тудырып келген еді.

«Тұтынушылар пікірлерін және сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, «Алматыэнергосбыт» ЖШС 2010 жылғы маусымнан бастап есепшот түбіртегіне тұтынушы мәліметтерді өзінше толтыратын жолды қосты. Бұл тұрғындар мен сарапшылардың пікірінше, елеулі жеңілдік тудырады», дейді Михаил Гамбургер.

Оның айтуынша, алдағы уақытта компания электр қуаты үшін есеп айырысуды үнемі жетілдіруге, тұтынушыларға қолайлы төлем қызметін енгізуге ұмтылады.

Соңғы жаңалықтар