«Алматыэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушылармен байланыс орталығы ашылды

АЛМАТЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Алматыэнергосбыт» ЖШС-ның жаңа байланыс орталығы ашылды,

«Алматыэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушылармен байланыс орталығы ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, орталық Алматы қаласы мен облысының электр қуатын тұтынушыларына қызмет көрсету үшін құрылған. «Бұл орталық әрбір тұтынушыға тікелей байланысты қамтамасыз етіп, олардың сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік береді», дейді ол. «Алматыэнергосбыт» ЖШС-ның тұтынушылармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Болат Құлатаевтың айтуынша, орталықта қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген 30 оператор жұмыс істейді. Оларға тұтынушылар 356-99-99 телефоны арқылы қоңырау соғып, электр қуаты үшін төлем мөлшері, электр қуатының өшу себептері, қуат қосу үшін өтінім беріп, тариф, құжаттар туралы біле алады. «Бізде 400 мың абонент бар. Бұған дейін оларды толғандыратын мәселелерге жедел жауап беру қиынға түсетін. Өйткені Call-орталықтың мүмкіндігі жете бермейтін. Бүгінгі орталықтың ашылуы осы олқылықтың орнын толтырып отыр», дейді Михаил Гамбургер.