Алматыға 2022 жылға дейін инвестиция тартудың стратегиясы жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың стратегиясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Алматыға 2022 жылға дейін инвестиция тартудың стратегиясы жасалды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің басшылығымен инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өтті. Кеңес құрамында халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компания қауымдастықтары мен консалтинг және заң компаниялары өкілдері мен ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енді.
null 

Жиын барысында 2022 жылға дейін инвестиция тарту стратегиясының жобасы талқыланды. Құжат Ұлттық инвестициялық стратегия мен «Алматы-2020» даму бағдарламасына сай жасалған.

Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестиция 13%-ға өсіп, 400 млрд теңгені құрағанын, сыртқы инвестицияның 23,5%-ға артқанын, жеке инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.

«Бизнесті дамытудың басты шарты - тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда, Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді, мұнда өңдеуші өндіріс орындары жеңілдетілген дайын инфрақұрылымдарды пайдалана алады. Жоғары технологиялық компаниялар үшін «Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймағы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустриаландыру картасына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды», - деді А.Мәдиев.

Жиын қорытыныдысы бойынша, Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың стратегиясы бекітілді.