Алматыға бақыт іздеушілер келді
![None None](/static/img/plug.webp)
206 елге саяхат жасау «Coca-Cola» компаниясының бастамасымен 2010 жылдың 1-ші қаңтарында Испанияның Мадрид қаласынан басталған. Саяхатшылар әр елге барғанда ол мемлекеттің жастары әрбір күнді қандай көңілмен қарсы алатындығын және адамдарға қуанышты қалай сыйлайтындығын анықтайды.
«Экспедиции 206» құрамында Тони Мартин АҚШ-тан, Келли Феррис Бельгиядан және мексикалық Антонио Сантьяго сынды үш жас бар. Бұл "Бақыт іздеуші" команданы жанкүйерлер әлемдік он-лайн жүйесімен дауыс беру арқылы таңдап алған. Олар бір жылда әлем бойынша 275 000 миль жүріп өтіп, 206 елден бақыт іздеп шығады.
Саяхатшылар 156 елде болып, Ванкувердегі Қысқы Олимпиада ойындары, Оңтүстік Африкадағы футболдан Әлем кубогына және Шанхайдағы «WorldExpo 2010» сияқты халықаралық маңызды шараларға қатысқан.
Экспедиция мүшесі Тони Мартиннің айтуынша олар Алматыдағы жұртшылықтың көп жүретін орыны Арбатта болмақ. "Біз халықпен тілдесу барысындағы мәселеден еш қиналмаймыз. Өзім төрт тілде сөйлей алам, сондай-ақ орыс тілінде де", дейді Т.Мартин.
Жастар Алматыда ертеңге дейін болады. Жалпы экспедиция 2010 жылдың 31-ші желтоқсанында АҚШ-тың Атланта қаласында аяқталады.