Алматыға «Қаржылық десанттар» түсіріледі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы ақпанның 2-сінде «Қаржылық десант» деп аталатын акциясын бастайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оны «Алматы қаласындағы жастардың қоғамдық ұйымдары қауымдастығы» мен «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ы бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл шара Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдар институтынан басталып, сейсенбіде Қазақ-Британ техникалық университетінде, ал сәрсенбіде Халықаралық бизнес академиясында одан ары жалғаспақ. Акция кезінде дәрістер оқылып, «Өз қаржымызды басқаруды үйренеміз» деп аталатын дөңгелек үстел жиындары өткізіледі. Сондай-ақ іскерлік қоғамдастықтар құрылып, ақпараттық-білім беретін түрлі материалдар таратылады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар