Алматыға келген саяхатшы күніне қанша ақша жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда саяхатшылар арасында жүргізілген зерттеу нәтижесі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға келген саяхатшы күніне қанша ақша жұмсайды

«Сауалнама мамыр айында ғана жасалды. Саяхатшының соңғы кескінінің сұлбасы әлі жоқ. Себебі бұл зерттеуді барлық маусымды қамту үшін жыл бойы жүргізу қажет. Саяхатшылар маусымнан маусымға өзгеріп отырады. Жазда көбіне отбасылық, қыста тау шаңғысы, күзде бизнес-саяхатшылар, ал көктемде экотуризм жиі болады. Ал қазіргі аралық нәтиже саналады», - деді «Visit Almaty» Алматы қаласының туристік-ақпараттық орталығының директоры Кәмила Лұқпанова.

Зерттеу нәтижесінде Алматыға саяхаттап келген саяхатшының бір күнде қанша ақша жұмсайтындығы есептеп шығарылған. Атап айтқанда, оңтүстік астанаға келген отандық саяхатшылар күнінен орташа есеппен 55, ал ресейлік қонақтар 80-90 доллар жұмсайды. Азия елдерінен келген туристер тәулігіне 130-150, еуропалықтар 180-190 доллар қалдырады.