Алматыға кіреберіс жолдарда блокпостар жұмысын жалғастырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 11 мамырдан кейін Алматы қаласында блокпостар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«11 мамырда Алматы қаласында карантин режимі сақталады. Периметр бойынша орналасқан блокпостардың жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі қалады. Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібінде де өзгеріс болмайды: сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін», - деп келтірілген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөздері.

Айта кетейік, Ж.Бекшин қала тұрғындары мен кәсіпорындарды карантин талаптарын 11 мамырдан кейін де сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар