Алматыға қытайлық Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Air Astana әуе компаниясы Бейжіңнен тікелей Sinopharm компанисының Vero Сell вакцинасын жеткізді. Бір млн дозаны жеткізу «СҚ-Фармация» тапсырысы бойынша екі рейспен іске асырылады», - делінген хабарламада.

Бірінші рейс Алматыға бүгін сағат 12:30-да жетті. Ал екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-ға жоспарланып отыр. Жалпы салмағы 20 тонна болатын медициналық жүк термо-контейнерлерде тасымалданып, 2-ден 8 градусқа дейінгі температуралық режим сақталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бір апта ішінде елімізге тағы бір вакцина жеткізілетінін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар